(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЗИРАТТАРҒА ЖӘНЕ ЖЕРЛЕУ МАҚСАТЫНДАҒЫ ОБЪЕКТІЛЕРГЕ ҚО...
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 138 бұйрығымен бекітілген
Осы редакция 2020 жылғы 5 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидалар
1. Негізгі ережелер
1. «Зираттарға және жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) зираттарды пайдалануға және күтіп ұстауға, мәйіттерді жерлеуді және қайта жерлеуді ұйымдастыруға сондай-ақ жерлеу мақсатындағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды айқындайды.
2. Осы санитариялық қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
жерлеу бюросы, жерлеу қызметін көрсететін бюро-дүкендер - азалы рәсімдер жүргізу үшін тауарлар өткізу және қызмет көрсету жөніндегі объектілер;
зират - мәйіттерді жерлеу үшін арнайы бөлінген аумақ;
зираттық кезең - мәйіттерді минералдау процестері аяқталатын уақыт;
көму (жерлеу) - санитариялық, табиғатты қорғау, қала құрылысы және өзге де қағидалар мен нормаларға қайшы келмейтін, қайтыс болған адамның тілегіне, діни сеніміне, әдет-ғұрыпқа және салт-дәстүрге сәйкес қайтыс болған адамның денесін (сүйегін) жерге (қабірге, табытқа) жерлеу немесе сүйегі (күлі) бар урнаны қабірге, табытқа жерлеу арқылы отқа жағу (кремациялау) бойынша әдет-ғұрып әрекеттері;
сүйек - мәйіттің шірімеген қалдықтары.
2. Зираттарды, жерлеу мақсатындағы объектілерді жобалауға
және пайдалануға енгізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
3. Зираттарды мынадай:
1) сумен жабдықтау көздері мен минералды бұлақтарды санитариялық қорғану аймақтарының бірінші және екінші белдеулерінің;
2) курортттарды санитариялық қорғанудың бірінші аймағының;
3) су басатын, сырғымаларға және құламаларға бейім, батпақты учаскелерге;
Редакция документа
Демо – версия документа