Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ М.А. 2010.25.02 №...

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 25 ақпандағы № 118 бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізудің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.

2. Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің м.а.

М. Оразаев

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрдің м.а.

2010 жылғы 25 ақпандағы

 № 118 бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық

жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізудің

ережесі

 

1. Осы, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізудің Ережесі (келесіде - Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекция жетістіктерін қорғау туралы», 2003 жылғы 8 ақпандағы «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңдарына сәйкес дайындалған және Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесін жүргізу ретін анықтайды.

2. Осы Ережеде келесі түсініктер пайдаланылады:

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия (келесіде - Мемкомиссия) - өсімдік сорттарының патентке қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жүргізетін тұқым шаруашылығы саласына өкілетті органның қарамағындағы мекеме;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку