«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 11/306 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 11/306 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау құжаттарының нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9572 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) 2014 жылғы 6 маусымдағы № 10/233 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссияларының төрағаларына жіберілсін.»;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылар тізімнің нысаны осы қаулыға 1-қосымшаға сай редакцияда жазылсын;
облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамасының нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сай редакцияда жазылсын;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасы сайлау комиссиясы хаттамасының нысаны осы қаулыға 3-қосымшаға сай редакцияда жазылсын;
Демо – версия документа