(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.30.09 № 990 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 және 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 990 қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 51-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 676 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 990 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 31 қаңтардағы
№ 161 қаулысымен
бекітілген
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу
ережесi
Осы Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу ережесi (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудiң тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы комиссиялар - 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр кезеңiнде кемiнде 6 ай жұмыс iстеген адамдардың жұмыс стажын белгiлеу үшін тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар;
Редакция документа
Демо – версия документа