«Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығы (2024.16.09. берілген өзгерістермен)
«Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 бұйрығы
(2024.16.09. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1) тармақшасына, 16-бабының 4-тармағына және 19-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Мыналар:
1) «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) борышкердің соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) соттан тыс банкроттық рәсімін аяқтау және борышкерді банкрот деп тану туралы шешім нысаны 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2023 жылдың 3 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Демо – версия документа