Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 16 қазандағы № 129 бұйрығы

«Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 16 қазандағы № 129 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31621 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес «Оңайлатылған атқарушылық іс жүргізу» 4-кестемен толықтырылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы сот актілерін орындау бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - АІЖОААЖ) енгізген атқарушылық құжаттарды автоматтандырылған орындау электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының (бұдан әрі - ЭАЕҚ) негізінде «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» № 4 есептің нысанын (бұдан әрі - есеп) қалыптастыруға арналған.»;

9-тармақ мынадай мазмұндағы 15) тармақшасымен толықтырылсын:

«15) Заңның 10-5-бабында көзделген негіздер бойынша оңайлатылған іс жүргізуді тоқтату;»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Есеп 4 кестеден тұрады:

1) 1-кесте «Атқарушылық құжаттардың қозғалысы» (бұдан әрі - №1 кесте)

2) 2-кесте «Атқаруға келіп түскен атқарушылық құжаттар бойынша өндіріп алулардың мөлшері» (бұдан әрі - 2-кесте);

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку