(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.25.04 № 518 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 518 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - серіктестік) құрылсын.
2. Серіктестік қызметінің негізгі мәні Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып айқындалсын.
3. Серіктестіктің жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік есебінен қалыптастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) серіктестіктің жарғысын бекітуді;
2) серіктестікті әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың мемлекеттік үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне беруді қамтамасыз етсін.
6. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік қабылдау комиссиясы объектіні қабылдағаннан кейін «Қазмедиа орталығы» ғимаратын жер учаскесімен бірге сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа