(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫНЫҢ ҮЛГІСІН, ОНЫ РЕСІМДЕУ ЖӘН...
Теңізде жүзу кітапшасының үлгісін, оны ресімдеу және беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 156 бұйрығы
(2022.31.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 2 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.15.05. № 294 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-5) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес теңізде жүзу кітапшасының үлгісі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
Редакция документа
Демо – версия документа