«Кредиторлар талаптары тізілімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 590 бұйрығы
Кредиторлар талаптары тізілімінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 тамыздағы № 590 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 28 тамыздағы
№ 590 бұйрығымен
бекітілген
нысаны
Кредитор талаптарының тізілімі
_______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), борышкердің ЖСН)
№ | Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)/ кредитордың атауы | Кредитордың ЖСН/БСН | Қойылған талаптардың сомасы (теңге) | Қаржы басқарушысы қабылдаған шешімнің негізділігін растайтын құжаттар (атауы, күні, нөмірі), берешектің пайда болған күні | Танылған талаптар сомасы | Танылмаған талаптар сомасы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1. | Бірінші кезек | ||||||
1) | Өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу бойынша берешекті өндіріп алу жөніндегі талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: | |||||||
2) | Алимент өндіріп алу бойынша талаптар | ||||||
... | |||||||
Барлығы: |
Демо – версия документа