«Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 755 Қаулысы
Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 755 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті кәсіпорынға және осы қаулыға қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік мекемелерге қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы экономикалық бағалауын қамтитын жерлердің сапасын есепке алу және жерлердің мониторингін жүргізу, топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеп-қараулар және топыраққа бонитирлеу жүргізу болып айқындалсын.
3. Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.»;
Демо – версия документа