(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2004.27.11 № 641 БҰЙРЫҒЫ
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары және түрлері туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтық тұрғындарды тарту жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары және түрлері туралы» ереже (1-қосымша);
2) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға арналған омырау белгісінің «полицияның қоғамдық көмекшісі» эталоны және куәліктің үлгісі (2-қосымша) бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалалары Ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы ішкі істер бас басқармаларының, ішкі істер басқармаларының, Көліктегі ішкі істер басқармаларының және арнайы полиция бөлімшелерінің бастықтары:
1) әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметкерлерінен сынақтар қабылдай отырып, ішкі істер органдары жеке құрамының осы Ережені әскери және қызметтік даярлық жүйесінде зерделеуін ұйымдастырсын;
2) жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға белгіленген үлгідегі куәліктердің және омырау белгілерінің қажетті санын дайындау жөніндегі мәселені шешсін және олардың есепке алынуы мен пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3) учаскелік полиция пункттерінің базасында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды құқықтық даярлауды ұйымдастырсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер бірінші вице-министрі полиция генерал-лейтенанты И.И.Оттоға және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне (Ғ.А.Алпысбаев) жүктелсін.
Редакция документа
Демо – версия документа