«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 633 Қаулысы
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 633 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1599 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге енгізілетін өзгеріс мақұлдансын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы арасындағы өзара іс-қимыл туралы қосымша келісімге қол қойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қарашадағы № 1403 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексі (бұдан әрі - Кодекс) «Самұрық- Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) және Қор тобына кіретін ұйымдарға (бұдан әрі - ұйымдар) қолданылады. Басқа акционерлері (қатысушылары) бар ұйымдар үшін осы Кодексті акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысында бекіту ұсынылады. Холдингтік компаниялар осы Кодексті өз тобына енгізуді қамтамасыз етуге тиіс.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа