(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 маусымдағы № 822 Қаулысы
(2016.31.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Заң жобалау қызметін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 4 маусымдағы
№ 822 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2016.31.08. № 497 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
90-тармақта «ілеспе хатта» деген сөздер «анықтама парақта» деген сөздермен ауыстырылсын;
91-тармақта «түсіндірме жазбада» деген сөздер «анықтама парақта» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 91-1-тармақпен толықтырылсын:
«91-1. Егер Қазақстан Республикасы заңының қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажет болса, заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын жан-жақты пысықтау мақсатында мемлекеттік органдардың қарауына заң жобасын іске асыру үшін қажетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын бір мезгілде енгізеді.
Редакция документа
Демо – версия документа