Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды бекіту және «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 222-НҚ бұйрығы (2022.29.06. берілген өзгерістермен)

Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды бекіту және «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 222-НҚ бұйрығы

(2022.29.06. берілген өзгерістермен)

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-3) тармақшасына cәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптар бекітілсін.

2. «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:

2-тармақтың 8), 12), 23), 49), 57) және 58) тармақшалары алып тасталсын;

33-1 және 33-2-тармақтары алып тасталсын;

33-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«33-3. КТО-да азық-түлік тауарларын іске асыруды өндірушілер, ауыл шаруашылығы кооперативтері, дайындау және қайта өңдеу кәсіпорындары жүзеге асырады.»;

33-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«33-5. КТО функцияларына:

1) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, кооперативтердің, дайындаушы және қайта өңдеуші кәсіпорындардың өнімдерін қабылдау, орналастыру, сақтау және дайындау;

2) тиісті мамандардың, зертханалардың және арнайы жабдықтардың болуы есебінен КТО аумағында іске асырылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3) тауарлар қозғалысының логистикасын қамтамасыз ету;

4) сатушыларды қазіргі заманға сай сауда технологияларына сәйкес сауда орнымен қамтамасыз ету;

5) КТО-да сатылатын тауарлардың сапасын тексеруді және сертификаттауды қамтамасыз ету;

6) өнімді сату алдындағы дайындау;

7) тауар партияларын жинақтау;

8) өнімнің көтерме саудасы;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции