«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 588 Жарлығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 418-құжат; 2007 ж., № 24, 267-құжат; № 42, 476-құжат; 2008 ж., № 42, 464-құжат; 2009 ж., № 33, 307-құжат; 2010 ж., № 39, 335-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат; № 32, 282-құжат; № 75, 666-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы» (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті» (келісім бойынша)»;
«Қазақстан тағам және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауар өндірушілер одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстанның тағам кәсіпорындары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)»;
«Тұтынушылардың ұлттық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
Демо – версия документа