Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 5 мамырдағы № 146 бұйрығы

 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 5 мамырдағы № 146 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында:

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Жеке тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы жануарының жасына жеткенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, шаруа және фермер шаруашылықтарына тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын тиісті бөлімшесіне (бұдан әрі - ЖАО бөлімшесі) және ветеринариялық ұйымға басшы ұсынған алдағы бұзаулау (төлдеу, торайлау) графигіне сәйкес жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы жануарының төлін бірдейлендіру кезінде ол туралы мәліметтер осы Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы ведомосте көрсетілген енесінің жеке нөмірі көрсетіле отырып, дерекқорға және ветеринариялық паспортқа енгізіледі.»;

30-1-тармақ алып тасталсын;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку