(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 Қаулысы
(2017.20.11. берілген өзгерістермен толықтыруларымен)
Осы редакция 2020 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы Заңын
іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
2005 жылғы 30 маусымдағы
№ 662 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2014.24.02. № 129 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2016.04.02. № 53 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1271 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 43, 394-құжат):
1-тармақтағы «мемлекеттік өртке қарсы қызметпен» деген сөздер «өртке қарсы қызмет органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:»;
6-тармақтағы «Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа