Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ СТРАТЕ...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы

 

Осы редакция 2019 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын басшылыққа алсын және оны іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

       Президенті

 

Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы ақпанның 15-і.

 

                 № 636

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2018 жылғы 15 ақпандағы

№ 636 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі

Стратегиялық даму жоспары

 

 

1-тарау. Кіріспе

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі - 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар) орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады және ол Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Мемлекет басшысы 2017 жылдың басында жариялаған Елдің үшінші жаңғыру процестерін іске қосады және жеделдетілген сапалы экономикалық өсу мен елдегі өмір сүру деңгейін арттыру жөніндегі міндеттерді қойып отыр.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку