«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына 1-қосымша) (2025.03.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 61 бұйрығына
1-қосымша
«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу»
мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
(2025.03.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірледі және «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
ҚР Әділет министрінің 2024.06.12. № 1007 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияға (бұдан әрі-Комиссия) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі-Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетіледі.
Демо – версия документа