(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫ...
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығы
(2015.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 271-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 246 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының
тауарларға кедендік тазартуды жасау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 271-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру кезінде кедендік тазартумен және тауарларды шығарумен байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мемлекеттік кірістер органдары (кеден бекеттері) лауазымды адамдары іс-қимылының дәйектілігін айқындайды.
2. Қағида кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастырылатын тауарларға кедендік тазартуды жүзеге асыру кезінде қолданылмайды.
Редакция документа
Демо – версия документа