(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.18.02 № 183 ҚАУЛЫСЫ
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысы
(2014.28.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.28.06. № 869 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.28.07. № 837 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2012.28.06. № 869 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.28.07. № 837 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесі бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2011.01.07. № 753 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.28.06. № 869 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Әлеуметтік қолдау шараларының мөлшері:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн әлеуметтiк қолдау - бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 2012.28.06. № 869 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мамандар үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттiк кредит он бес жыл мерзiмге берiледi; кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасының жылдық 0,01 %-ы мөлшерiнде белгiленедi.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Редакция документа
Демо – версия документа