(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКIМЕТIНIҢ 2014.28.02 № 166 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 28 ақпандағы № 166 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 166 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн
өзгерiстер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 54, 521-құжат):
тақырыбы мен кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру», «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;
1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
3, 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші):
Редакция документа
Демо – версия документа