«Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарын айқындау және пайдалану режимінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 бұйрығы (күші жойылды)
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарын айқындау және пайдалану режимінің қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 бұйрығы
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 86 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 19-бабының 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарын айқындау және пайдалану режимінің қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мұхамедиұлы |
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 156 бұйрығымен
бекітілген
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс
салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты
аймақтарын айқындау және пайдалану режимінің
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа