Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 15 Қаулысы (күші жойылды)

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 15 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 767 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 22 қаңтардағы

№ 15 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 28 маусымдағы

№ 728 қаулысымен

бекітілген



Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі
бағдарламасы


1. Бағдарламаның паспорты

 

Бағдарламаның атауы

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы

Әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1434 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелері;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Бағдарламаны әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку