«Елорданың 2050 жылға дейін әлемнің үздік 10 қаласының рейтингіне кіру тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 Қаулысы (күші жойылды)
Елорданың 2050 жылға дейін әлемнің үздік 10 қаласының рейтингіне кіру тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 31 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Елорданың 2050 жылға дейін әлемнің үздік 10 қаласының рейтингіне кіру тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1394 қаулысымен
бекітілген
Елорданың 2050 жылға дейін әлемнің үздік 10 қаласының
рейтингіне кіру тұжырымдамасы
Мазмұны
1. Астана қаласының ағымдағы ахуалын талдау
3. 2050 жылы Астана қаласын дамытудың үрдістері мен пайымы
4. Астана қаласын дамытудың қағидаттары мен жалпы тәсілдері
5. Тұжырымдаманы іске асыру болжанатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Астана қаласының 2050 жылға қарай әлемнің үздік 10 қаласына кіруі қазіргі кездегі көшбасшылар мен басқа да дамушы мегаполистер тарапынан бәсекелестіктің жоғары деңгейіне байланысты. Еңбек өнімділігінің материалдық құндылықтарды жасау процестерін автоматтандыру есебінен өсуі, урбандалу процестерінің күшеюі есебінен еңбек және қаржы ресурстарының шоғырлануы, қызметтің жаңа түрлерін дамыту және әлемдік экономика құрылымының өзгеруі заманауи қалалардың перспективалы даму бағыттары мен басымдықтарын айқындайтын түйінді факторлар болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа