Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2011.28.01 № 401-IV ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
 Заңы
 
Медиация туралы
(2014.15.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-8-баптар)

2-тарау. Медиаторлардың және медиацияны жүргізуді қамтамасыз ететін ұйымдардың құқықтық жағдайы

(9-16-баптар)

3-тарау. Медиацияны жүргізу

(17-27-баптар)

4-тарау. Қорытынды ережелер

(28-бап)

 

 

 

 

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Медиацияның қолданылу саласы

2014.15.01. № 164-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (дау-шарлар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қатынастардан туындайтын дауларға (жанжалдарға), егер мұндай даулар (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса, медиация рәсімі қолданылмайды.

3. Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку