Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2014.17.09 № 911 ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Осы редакция 2014 жылғы 5 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Кәсіпкерлік саласындағы заңнамаға тексеру жүргізу жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 253 өкімі;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 750 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 19-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 29-құжат);

3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 795 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 21-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 28, 227-құжат).

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2014 жылғы қыркүйектің 17-і

 

№ 911

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2014 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 911 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 18, 156-құжат; 2000 ж., № 17, 168-құжат; 2003 ж., № 45, 486-құжат; 2007 ж., № 14, 160-құжат; 2011 ж., № 30, 366-құжат; 2012 ж. № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат; № 41, 606-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат):

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку