«Дене шынықтыру және спорт туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 136-ө Өкімі
«Дене шынықтыру және спорт туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 136-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Дене шынықтыру және спорт туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар Туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2014 жылғы 21 қарашадағы
№ 136-ө өкімімен бекітілген
«Дене шынықтыру және спорт туралы» және «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және
спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыру мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | МСМ | 2014 жылғы қараша |
Демо – версия документа