Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 - 2030 жылдарға арналған бас схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1171 Қаулысы (2023.11.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 - 2030 жылдарға арналған бас схемасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1171 Қаулысы

(2023.11.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 1055 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2022.31.12. № 1143 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 - 2030 жылдарға арналған бас схемасы бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2022.31.12. № 1143 Қаулысымен бас схемасы жаңа редакцияда (2023 ж. 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 4 қарашадағы

№ 1171 қаулысымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 - 2030 жылдарға арналған

бас схемасы

 

1-бөлiм. Кіріспе

 

1. Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 - 2030 жылдарға арналған бас схемасы (бұдан әрі - Бас схема) Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету басымдығының стратегиялық бағыттарын көздейтін кешенді құжат болып табылады.

2. «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес елді одан әрі газдандыру мынадай негізгі міндеттерге:

1) Қазақстан Республикасының барлық өңірлерін газбен жабдықтау перспективаларын ескере отырып, жаңа аумақтарды газдандырумен қамтып және ішкі нарыққа газ жеткізудің сенімділігін қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасын газдандыруды одан әрі дамытуға;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции