(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.25.05 № 683 ҚАУЛЫСЫ
Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 Қаулысы
(2013.07.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2014.31.03. № 279 Қаулысын қараңыз (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың орындалуы туралы ақпарат берсін.
4. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
ҚР Үкіметінің 2013.07.11. № 1169 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа