«Ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/374 бұйрығымен бекітілген 4-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 7-1/374 бұйрығымен бекітілген
4-қосымша
«Ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
1. «Ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 қаулысымен бекітілген «Ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекцияларының кеңселері;
2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - азықтық қоспаларға тіркеу куәлігі (бұдан әрі - куәлік) немесе оның телнұсқасы.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процедураны (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған Стандарттың 9-тармағына сәйкес (бұдан әрі - өтініш) құжаттар тізімін ұсыну негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
Документ утратил силу
Демо – версия документа