«Ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 664 қаулысымен
бекітілген
«Ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркей отырып, оларға тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қарайды (кері қайтарады) және сараптамаға немесе тіркеу сынақтарына жолдайды - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
ғылыми-зерттеу институтының немесе ғылыми-техникалық кеңестің сараптаманы жүзеге асыруы - 1 (бір) айдан аспайды;
тіркеу сынақтары - күнтізбелік 55 (елу бес) күннен аспайды;
байқаудан өткізу - 2 (екі) жылдан аспайды;
көрсетілетін қызметті беруші зертханалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде шешім қабылдайды - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Документ утратил силу
Демо – версия документа