Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1082 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1082 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 586 Қаулысымен күші жойылды

 

 «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 2-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 9 қазандағы

№ 1082 қаулысымен

бекітілген

 


Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың

ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 2-1-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы жоспарын (бұдан әрі - ағымдағы жоспар) және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың перспективалық жоспарларын (бұдан әрі - перспективалық жоспар) әзірлеу тәртібін айқындайды.

2. Ағымдағы жоспар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдағы жылға жасалады. Перспективалық жоспар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейінгі үш жыл мерзімге жасалады.

 

 

2. Ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеу тәртібі

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку