(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.17.06 № 607 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 607 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 17 маусымдағы
№ 607 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін
өзгерістер
1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 202 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 101-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы
| - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі |
Қуандықов Болатбек Баянұлы | - | Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы; |
мына:
«Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы
| - | Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, хатшы |
Досаев Ерболат Асқарбекұлы | - | Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Әбілқасымова Мәдина Ерасылқызы
| - | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, хатшы |
Досаев Ерболат Асқарбекұлы | - | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі»; |
Редакция документа
Демо – версия документа