(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.09.06 № 549 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы № 549 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
2. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде «басқармасы» деген сөз «департаменті» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 9 маусымдағы
№ 549 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің қайта аталған аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
1. Көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасы Көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті болып.
Редакция документа
Демо – версия документа