(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.29.10 № 1132 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 Қаулысы
(2014.21.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 3 шілдедегі № 1025 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 231 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Көшi-қон комитетi және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті құрылсын.
4. ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1159 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография агенттігiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын.
6. ҚР Үкіметінің 2013.13.03. № 231 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа