Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 1002 Қаулысы (2015.04.09. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 1002 Қаулысы

(2015.04.09. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелеріне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Мыналар:

1) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің аумақтық бөлімшелері болып;

2) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен республикалық мемлекеттік мекемелері болып қайта аталсын.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции