«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 257 бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 257 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 649 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 833 бірлескен бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 10 маусымдағы Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2012 жылғы № 1):
нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер Заңның 3-бабына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен ұсынылады»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа