«Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 879 Қаулысы
«Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 879 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 23-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 879 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 2225 қаулысымен
бекітілген
Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың
тізбесі
1. Үлгі жобалар, қайта қолданылатын жобалар бойынша объектілерді және техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салуды көздейтін жобалар.
2. Әлеуметтік-мәдени, қоғамдық және әкімшілік мақсаттағы объектілерді салуды, сондай-ақ инфрақұрылымды қамтамасыз етуді көздейтін жобалар, оның ішінде:
1) қоса алғанда 1200 оқушыға дейінгі жалпы білім беру мектептері мен интернаттық мекемелерді салу;
2) қоса алғанда 500 орынға дейінгі мектепке дейінгі балалар мекемелерін салу;
3) қоса алғанда 600 орынға дейінгі кәсіптік лицейлер салу;
4) қоса алғанда жұмыс істеп тұрған мектептерге 900 оқушыға дейінгі интернаттар салу;
Демо – версия документа