«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 235 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 тамыздағы № 528 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 20 маусымдағы
№ 235 бұйрығына
2-қосымша
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметі беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) арқылы;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - қағаз жеткізгіште білім туралы құжаттарды тану/нострификациялау туралы куәлік.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылы) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысымен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін (бұдан әрі-құжаттар) ұсынуы негіз болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа