«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 27 мамырдағы
№ 549 қаулысымен бекітілген
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметі беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - орталық) арқылы;
2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) орталыққа жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 4 (төрт) айдан аспайды;
құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
2) ХҚО-ға жүгінген кезде:
Документ утратил силу
Демо – версия документа