Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі аудит департаменті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына 13-қосымша) (2016.17.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2016.17.05. № 521 бұйрығымен 13-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 477 бұйрығына
13-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі аудит департаменті туралы
ЕРЕЖЕ
(2016.17.05. берілген өзгерістермен)
Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі аудит департаментінің (бұдан әрі - Департамент) мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысын ұйымдастыруды айқындайды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығымен бекітілген Ішкі аудит қызметтерінің үлгілік ережесіне сәйкес әзірленді.
1. Департамент Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен құрылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 15 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Заң), қолданыстағы заңнаманың және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі құжаттарының талаптарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр бекітеді.
4. Департамент қызметкерлерінің функциялық міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктері тиісті лауазымдық нұсқаулықтарда айқындалады, олар Ішкі аудит департаменті туралы ереженің негізінде әзірленеді және бұйрықтың негізінде белгіленген тәртіппен өкілеттіктер жүктелген Ішкі істер министрінің орынбасары бекітеді.
5. Департамент Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) бөлінісі болып табылады, басқа құрылымдық бөліністерден тәуелсіз, Министрге бағынады және есеп береді, Министрліктің ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлігі ретінде шығады.
6. Департамент ішкі мемлекеттік аудитті жүргізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз.
Демо – версия документа