(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2014.29.07 № 477 БҰЙРЫҒ...
Осы редакция 2016 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 29 шілдедегі
№ 477 бұйрығына
13-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі бақылау басқармасы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі бақылау басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлінісі болып табылады, ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне (бұдан әрі - Министр) бағынысты және оған есеп береді.
2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр бекітеді.
1) басшылықтан;
2) ішкі істер органдарын ішкі бақылау бөлімінен;
2) талдау және тексерулер сапасын бақылау тобынан тұрады.
2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Міндеті: Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік органдардың, аумақтық ішкі істер органдарының, бөліністер мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын сақтауы бойынша ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру.
Функциялары:
1) Министр бекіткен Жоспарға сәйкес ішкі істер органдарының бөліністеріне ішкі бақылау жүргізу;
2) республикалық және жергілікті бюджеттерден Министрлікке бөлінген бюджеттік қаражат пен активтерді және өзге де ақшалай қаражатты пайдаланудың тиімділігі мен негізділігіне бақылау іс-шараларын жүргізу;
3) жедел-іздестіру қызметінің субъектілері болып табылатын барлық ішкі істер органдары мен бөліністерінде құжаттардың дұрыс ресімделуіне және 167 «Ерекше шығындар» спецификасы бойынша ақшалай қаражаттың жұмсалуына ішкі бақылау жүргізу;
Редакция документа
Демо – версия документа