(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2014.11.03 № 152 БҰЙРЫҒ...
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 152 бұйрығымен
бекітілген
Осы редакция 2014 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі - көші-қон полициясының бөліністері) көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі Қазақстан Республикасында шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға мемлекеттік қызмет ұсынуда босқын мәртебесін беру және босқынның куәлігін беру, босқынның мәртебесін ұзарту не Стандарттық 10-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөліністері (жұмыскерлері)
іс-әрекеттері тәртібінің сипаттамасы
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне аудандық, қалалық, облыстық ішкі істер органдары көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімшесінің, тобының) қызметкері қатысады.
Редакция документа
Демо – версия документа