«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі істер департаменті аумақтық көші-қон полициясының бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасында пана іздеген шетелдіктердің және олардың отбасы мүшелерінің болатын жері бойынша көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) қажетті құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап күнтізбелік 90 (тоқсан) күн;
2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері:
1) босқын куәлігі;
2) босқынның куәлігіне мөр және көрсетілетін қызмет беруші лауазымды тұлғасының қолын қою;
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа