Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 455 бұйрығы (2015.09.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 455 бұйрығы

(2015.09.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 863 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің бастықтары, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, Көліктегі ішкі істер департаменттерінің, облыстардың және Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары:

1) өздерінің орынбасарларының біріне ішкі істер органдарын ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша функцияны жүктесін;

2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарымен ғылыми зерттеулер жүргізуге өтінімдер беру және орналастыру және олардың нәтижелерін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының практикалық қызметіне енгізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастырсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку