(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.04.12 № 1308 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 және «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1308 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 532-құжат.):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
4-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
1) тармақшаның бесінші абзацы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«5-1. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.»;
7-тармақ алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа