(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.23.06 № 694 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 694 Қаулысы
(2014.04.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.21.01. № 19 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.02. № 49 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 694 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасында теңiз құрылыстарын құру,пайдалану және қолдану мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы
| - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі, төраға
|
Мырзағалиев Мағзұм Маратұлы
| - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Бимұратов Берiк Шәдімұратұлы | - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi Мұнай-газ кешенiндегi мемлекеттiк инспекциялау комитетi төрағасының орынбасары, хатшы
|
Жанзақов Жандарбек Сәдуұлы
| - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал |
Момышев Талғат Амангелдiұлы
| - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгi Мұнай-газ кешенiндегi мемлекеттiк инспекциялау комитетiнiң төрағасы |
Редакция документа
Демо – версия документа