«Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 420 Қаулысы (күші жойылды)
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 420 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 317 Қаулысымен күші жойылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 16, 275-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №72, 951-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 31-тармағы.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 420 қаулысымен бекітілген
Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының
лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа