(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.11.12 № 2091 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөнінде комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2091 Қаулысы
(2013.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 401 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.16.04. № 361 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 2091 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы
Ыдырысов Ерлан Әбілфайызұлы
| - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, төраға |
Волков Алексей Юрьевич
| - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары |
Жолшоринов Айбек Айтмағанбетұлы
| - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы, хатшы |
Баймолдина Зәуреш Хамитқызы
| - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі |
Дәленов Руслан Ерболатұлы
| - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Жақсылықов Тимур Мекешұлы
| - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрінің міндетін атқарушы |
Редакция документа
Демо – версия документа